Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Жаңалықтар

Барлық санитарлық автокөлік «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес жаңа медициналық жабдықпен жарақтандырылған.
«Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем автомобиль көлік құралдарына таңбаланатын қосымша белгілер мен жазбалардың номенклатурасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 811 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдардың санитарлық автокөлігіне түстіграфикалық схемалар, танымдық белгілері, жазулар, арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдар жазылады.
Бұйрыққа сәйкес, түстіграфикалық схеманың негізгі түсі (жабындау түсі) – лимон, сыртқы ақпараттық жазулар мен танымдық белгілерінің немесе сәндік жолақтардың қарама-қарсы контраст түсі – қызыл. Қарама-қарсы контраст түсі бар декоративтік жолақтардағы сыртқы ақпараттық жазулар мен танымдық белгілерінің түсі – ақ.
Сонымен қатар, жедел медициналық жәрдем қызметінің санитарлық көлігі КО ТР 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.

Санитарлық автокөлік

Play Video