Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер

Қалалық және ұялы телефоннан «103» нөміріне қоңырау шалу тәулік бойы тегін жүзеге асырылады

Жедел медициналық жәрдем бригадалары ересектер мен балаларға тәулік бойы науқастың денсаулығы мен өміріне немесе айналасындағы адамдарға қауіп төндірген жағдайда, оқиға орнында немесе жол бойында жедел медициналық көмекті көрсетеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадалары төмендегідей жағдайларда қызмет көрсетпейді:
адам үйінде қайтыс болған жағдайда, бригада өлім жағдайын растауға бармайды;
алкогольдік және наркотикалық масаюды куәләндыру жасамайды;
қайтыс болу туралы медициналық дәрігерлік куәлік бермейді;
жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын және дәрілік препараттарға рецепт бермейді.

Жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчер бөліміне шақырту түскенде төмендегі деректер жазылады:
аты, тегі, әкесінің аты (бар болса), науқастың жасы, жынысы;
науқас жағдайы туралы қысқаша мәлімет және бақытсыз жағдайдың немесе аурудың түрі;
мекенжай мен телефон, кіреберіс есіктің коды және науқастың мекенжайына қалай жетуге болатындығы туралы мәлімет.