Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ-дағы “облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы” МКК-де Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі (ЖЭК ЖПҚ) бөлімі ұйымдастырылды.

ПҚ ІСҚ бөлімі жұмысының негізгі бағыттары:

1. Пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай және 5 күннен аспайтын мерзімде, оларға сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, сол жерде шешу;

2. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жай-күйі мен оларды пайдалану тиімділігін бағалау;

3. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (ретроспективті талдау) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау»;

5. Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау ПҚ ІСҚ бөлімінің функцияларына жатады.

Сіз ПҚ ІСҚ-не жүгінуге құқылысыз, егер:

·  көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

·  медициналық қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;

· тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;

·  егер медициналық көмек көрсету тәртібіне байланысты проблемалық мәселелер туындаса.

 Сондай-ақ, Сізге ыңғайлы болу үшін біз Сізге пациенттерді қолдау қызметіне жүгінудің бірқатар басқа тәсілдерін ұсынамыз:

Сіз:

·  әр қосалқы станцияның бірінші қабатында орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде» Сіздің толық атыңызды (аты-жөніңізді) және байланыс деректеріңізді (ұялы және үй телефонының нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы) көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыра аласыз.

·  біздің сайтқа жүгіну және өз өтінішіңізді қалдыра аласыз

ПҚ ІСҚ Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде қарайды және жауап береді.

ШЖҚ "Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы" МКК Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағынауданы, 9д