7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1948 жылы ұйымдастырған Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді.
Екі жылдан кейін бұл мереке Халықаралық мәртебеге ие болды және ДДҰ-ға қатысушы елдерде атап өтіледі.
Дүниежүзілік денсаулық күнінің мәні – әр адамның назарын денсаулық мәселелеріне аудару, әркім денсаулықтың өмірде қаншалықты маңызды екенін түсінуі маңызды.

Мүмкіндігінше деніңіз сау болу үшін ДДҰ мыналарды ұсынады:
Белсенді өмір салтын ұстану.
Дұрыс тамақтану.
Еңбек пен демалыстың тепе – теңдігін сақтау, денені толық қалпына келтіру үшін ұйқыға жеткілікті уақыт бөлу – кем дегенде 7-8 сағат.
Жаман әдеттерден, ең алдымен темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту.
Деніңіз сау болсын!