Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ “Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы” МКК диспетчерлік қызметтің бригадалармен неғұрлым жедел өзара іс – қимылы үшін көшпелі бригадалардың орналасқан жерін белгілеуге мүмкіндік беретін “Адис” ӨК қоңырауларын қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйесімен және GPS-навигациямен жабдықталған. Орталық станция VPN байланысы арқылы ішкі байланыс арқылы қосалқы станциялармен өзара әрекеттеседі.

  • Диспетчерлік бөлімде Станцияның барлық аумағына хабар тарататын дауыс ұлғайтқыш селекторлы байланыс бар.
  • Санитарлық автокөлік ұялы телефон байланысымен, сандық радиостанциямен және GPS- навигациясымен жабдықталған.
  • «103» диспетчерлік байланыс тетігіндегі техникалық құралдарды жаңарту үшін “АLKАTEL” компаниясының мини-АТС құрылымды кәбіл жүйесі орналастырылған, ол шұғыл орталық қызметін жақсартуға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, бұл жүйе кіріс нөмірін автоматты түрде анықтайды.
  • «103» ішкі кіріс бағыты 2 (екі) Е1 ағынынан тұрады, ол ағын шақыртушыларға үздіксіз қоңырау шалуды қамтамасыз етеді.